Сәрсенбі, 12 Ақпан 2014   |   311 рет оқылды

ТАРТОҒАЙ, МАЙЛЫТОҒАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ РИЗА БОЛДЫ

Аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев өзінің аудан тұрғындары алдындағы кезекті есеп беру кездесуін Тартоғай ауылындағы еңселі мектепте өткізді. Аудан әкімінің тұрғындармен болған кездесуіне Қызылорда облыстық сәулет құрылыс бақылау бөлімі департаменті төрағасының орынбасары Ержан Әмишаев пен аудандық мәслихат хатшысы Әшім Оразбекұлы, осы аймақтың депутаты, сала басшылары, құқық қорғау органдары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысып отырды.

Алдымен аудан басшысы Тартоғай тұрғындарын өткен жылғы ауданның әлеуметтік даму көрсеткіштерін слайд арқылы таныстырды. – Ауданның даму көрсеткіші қаржы көлеміне байланысты. Ауданның негізгі табыс көзі болып табылатын салық мөлшері де жылдағыдан артығымен орындалып отыр. Егер осылайша қаржы қоры қалыптасатын болса, онда көше де жөнделіп, жарық та жүргізіліп, басқа да әлеуметтік саладағы мәселелер өз шешімдерін табар еді, - дейді аудан әкімі. Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын талқылауға арналған жиында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев осы және басқа да жақсы жаңалықтармен бөлісіп қана қоймай, хабарламасын жария түрде сынға да құрады. Мысалы, “Сыбаға” бағдарламасына толыққанды қатыса алмаушылықты, жеммен өзін-өзі қамтамасыз ете алмауымызды, тек шикізат өндірумен айналысып, есесіне сыртқа өнім шығара алмауымызды нақты мысалдармен көрсетіп, оның шешімін табуды қолға алуымызды қарастыру мәселесін алға тартып, шешімін табуға тапсырма берді. Осылайша, жыл бойы жүргізілген жұмыстарға, жеке-жеке тоқталып, кеңінен баяндаған Мұрат Нәлқожаұлы көптеген мәселелерді ортаға салып, бірлесе шешуге шақырды. Енді жиындарда не мәселе көтерілді, соларға ден қоялық. Жылышырайлы, түсіністікпен өткен жүздесу барысында Тартоғайдағы мектепке 1 автокөлік берілді. Тартоғайдағы клуб ескі болса, жуық арада 150 орындық клуб үйінің құрылысы басталады. Ардагерлер төрағасы Алтынбай Әлсейтов қажетті ауыз су мәселесін айтса, аудан басшысы бұл мәселенің де кезең-кезеңмен шешімін табатынын жеткізді.

Аудан әкімінің жұмысына ауыл тұрғындары Т.Каримова, Т.Шыттыбаева, П.Ахметовтер жақсы баға беріп, алғыстарын жаудырды.Аудан әкімі су алып келу тұрғысында жобаға сәйкес жұмыс жасалатындығын атады. Майлытоғай ауылы атына сай табиғаты әсем сексеуілі, жыңғылы, тораңғылы, жидесі, түрлі фаунасымен көз тартатын шағын, бірақ, нулы, сулы ерекше ауыл санатында. Мұнда құрдай қатынап жатқан экологияны улап жатқан көп көлік жоқ, айналасы толы аң-құс, нағыз мал өсіруге қолайлы, жайлы мекен. Майлытоғайда да 150 орындық клуб үйі, 150 орындық мектеп соғылады, Бұл үлкен жаңалық. Осындай жағдайлар қолға алынса, су келсе, көше жөнделіп, жарықтандырылса жастар да шет жаққа безіп кетпесі анық. Әрине, мектептегі ыстық тамақ, су бағасы, егін егу, жол жөндеуді жалғастыру шешілер. Бірақ, мал ұрлығын тоқтату учаске инспекторы мен ауыл тұрғындарының өздеріне байланысты. Осындай ұсыныстар бар, әйтсе де елге ортақ мәселелерді шешу – ең бастысы дер едік. Осы және көтерілген маңызды басқа мән-жайларға қаныққан аудан басшысы сала қызметтерінің жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар беріп жатты.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы