Бейсенбі, 09 Қаңтар 2014   |   164 рет оқылды

Мекемелер арасынан үздiк атанды

Желтоқсан айының 26 жұлдызында Көкшоқы елдi мекенiндегi "Демеу-Шиелi" спорт кешенiнде жаңа жыл мерекесiне орай "Көңiлдi старт" спорттық ойындарынан мекемелер арасында турнир өткiзiлдi. Турнирдiң ашылу салтанатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Нариман Сапарбай жарысқа қатысушыларды келе жатқан жаңа жыл мерекесiмен құттықтап, отбасыларына бақыт, жұмыстарына табыс, дендерiне саулық тiлеп, өзiнiң жүрегiнен шыққан ыстық ықыласын бiлдiрдi. Турнир барысында мекемелер түрлi спорттық ойын түрлерiнен сынға түсiп, өздерiнiң спорттан алшақ еместiктерiн көрсете бiлдi. Салауатты өмiр салтын ұстанған спортшылар жеңiс жолында жарыстарда бiрi - жылдамдығымен, бiрi - күштiлiгiмен көзге түсiп, қарсыластарын қапы қалдырып, жанкүйерлерiн сүйсiндiрiп жатты. Сайыстың нәтижесi бойынша 1 орынды МСЭҚБ, 2 орынды "Демеу-Шиелi", 3 орынды мәдениет бөлiмi иелендi. Сондай-ақ, жұмыспен қамту бөлiмi, тағы да белсендiлiк көрсеткен командалар Алғыс хаттармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы