Сейсенбі, 27 Мамыр 2014   |   210 рет оқылды

Қаламгерге құрмет көрсетілді

 

Қазақстан Журналистер ода ғының облыстық ұйымы, “Сыр Медиа” ЖШС ұйымдастыруымен жуырда Қызылорда қаласындағы “Сатурн” кешенінде танымал қоғам қайраткері, қаламы қарымды журналист Зейнолла Жарқынбаевтың өмірге келгеніне 100 жыл толуына орай аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін журналистер арасында турнир өтті. Жарысқа З.Жарқынбаевтың ағайын-туыстары, еңбек ардагерлері, әріптестері мен шәкірттері Сәмит Далдабаев, Қаһарман Табынбаев, Тұрған бай Маханов, Шәкизада Төребаев, Парламент Сенатының депутаты Қожахмет Баймаханов, “Сыр Медиа” ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев және өзге де азаматтар қаты сып, лебіздерін білдірді. Аудандар арасынан дараланып қатысқан Шиелілік команда ойыншылары А.Айып, Б.Бәйімбет, Е.Даткенов, Е.Нуриддинұлы нәтижелі ойын өрнегін көр сетті. Нәтижесінде, “24 KZ” телеарнасы өкілі Руслан Айтмамбетов бірінші орынды иеленсе, екінші орынға “Сыр Медиа” ЖШС бас директорының орынбасары Қуат Шарабидинов, үшінші орынға “Өскен өңірдің” фототілшісі Бақытжан Бәйімбет көтерілді. Жалпыкомандалық есепте шиеліліктер үшінші орынды қанағат тұтты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы