Сәрсенбі, 28 Мамыр 2014   |   246 рет оқылды

“Жас ұландар” қатары сегіз мыңмен толықты

 

Биылғы жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұлағатты ұсынысымен өзінің өнегелі жолын өркендетіп келе жатқан “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына үш жыл толып отыр. Осыған орай, мамыр айының 21 жұлдызында “Салтанат сарайында” аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен “Туған күніңмен, “Жас Ұлан” атты аталмыш ұйымның аудандық слеті болып өтті. Не бәрі үш жылдың ішінде жақсылыққа жаны құмар, татулық пен достықты ту етіп, аға буынның таңдаулы арнасымен келе жатқан жас ұландықтардың қатары күн санап көбеюде. Бір ғана біздің ауданымыздағы санының өзі сегіз мыңға жуықтаған. Шараға “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ө.Исмаил, аудандық білім бөлімінің бас маманы Т.Бөпежанов, аудандық жастар орталығының меңгерушісі А.Маманова, мектеп тәлімгерлері мен жас ұландықтар, сонымен қатар, оқушалар үйінің қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада жас ұландықтардың қатары толығып, арнайы концерттік бағдарлама қойылды. Сонымен қатар, бірқатар тәлімгерлер мен ұландар “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының, білім бөлімінің, облыстық жастар орталығының, аудандық оқушылар үйінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Балалар ән шырқады, жоғары көңіл-күймен ертеңгі күнге деген сеніммен тарқасты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы