Жұма, 03 Қазан 2014   |   620 рет оқылды

Қытайдағы қазақтарға Құрбан айт мерекесіне орай жеті күн демалыс беріледі

Baq.kz – Алдағы Құрбан айт мерекесіне орай Қытайдағы қазақтарға 7 күн демалыс беріледі. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқан мәлімдеді.

«Шетелде тұратын қазақтардың саны көп. Сонымен қатар, жыл сайын студенттер білім алуға кетеді. Мысалы, Ресейді алар болсақ, Астрахань облысында қазақтардың саны басым. Орыс жерінде Қазақстан мен Моңголиядан келген шамамен 800 мың қазақ бар. 15 мың азамат Мәскеуде тұрып жатыр», – деді.

Оның айтуынша, мұсылмандар мерекесін Нью-Йорктегі қазақтар да ескерусіз қалдырмайды. АҚШ-тың ең ірі қаласында мұсылмандар саны 20 мыңға жетіп отыр. Олардың ішінде қазақ студенттері көп. Бірақ Құрбан айт мерекесін тойлайтын қазақтардың үштігіне Қытай, Иран және Түркия кіреді.

«Мысалы, Киевте қазақтардың саны аз, шамамен 150 адам. Қазір қазақтардың басым бөлігі Сингапурға кетуде. Сонымен қатар, Африкадағы мұсылмандардың ішінде қазақтар көп. Құрбан айтты бүкіл әлем тойлауда, десе де Қытайды ерекше атап өткен жөн. Ирандағы қазақтар аталмыш мерекенің дәстүрін өте жақсы қадағалайды. Түркиядағы қазақтар да жақсы атап өтеді», – деді Ботагөз Уатқан.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш мереке Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң тойланады.

Әсел Асанова  

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы