Сенбі, 04 Қазан 2014   |   509 рет оқылды

Ассаламу алайкум, ардақты ағайын!

Міне мұсылмандардың төл мерекесінің бірі қуанышы мен сауабы мол Құрбан айтта жетіп келді. Бұл мерекеде Құрбандықтар шалынып, қажылықтар жасалып, қайырымдылықтар мол жасалатын сауабы мол мереке.

Құрбан – араб тілінде “жақындау” – дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, туған-туыстар мен көрші-қоландармен жақсы қарым қатынаста болып, жағдайы төмендерге көмектер көрсетіліп Аллаға жақындай түсу деген сөз. 
Құрбан айт кезінде мұсылмандар арасында ынтымағы мен бірлігі жарасып, бір-біріне деген мейірімділіктері одан сайын күшейе түседі. Айттың алғашқы күні ерте тұрып, ғұсыл алып, таза киім кіип, қош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен сәлемдесу мұсылманшылық қасиеттерден. Құрбан айттың бұл күндерінің сауабы өте мол. 
Алланың әмірі болған, шамасы келіп Құрбандық шалғанға шалған мал жүнінің әрбір түйіршігіне Алла Тағала сауаптар жазып, қиямет күні мол шаттыққа бөлері хақ. Әз, пайғамбарымыз (с.а.с): «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» - деген.
Олай болса ардақты ағайын! Алла үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, өзгелерге таралған еттер, олардың жүздеріне мол қуаныш сыйласын. Әрбір мұсылманның отбасына шаттық, береке беріп, еліміз тыныш, бейбіт болуын жазсын. Елбасымыз бен Дінбасына күш-қуат беріп, Алла істеріне береке берсін. Елімізді әрбір пәлекеттерден аман, бүліктерден сақтасын. Халқымызға иман байлығын беріп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Шалған Құрбандықтарыңыз қабыл болып, көптеп сауап жазсын. Алланың мейірімі, пайғамбарымыздың шапағаты баршамызға нәсіп болсын! 

Құрбан айт мерекелеріңіз құтты болсын!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі,
орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің Бас имамы,
Талғат Сейіткәрімұлы Омаров

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы