Сенбі, 04 Қазан 2014   |   643 рет оқылды

Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құрбан айт намазын оқыды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, Құрбан айт намазын  оқыды. Содан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, барша Қазақстан мұсылмандарын осынау ұлық мейраммен құттықтады.

«Бүкіл дүниежүзі мұсылмандары бүгін біздің үмбетіміздің ең ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамын шаттықпен атап өтуде. Пайғамбарымыздың жолыменен жасалатын бұл құдіретті күнде баршамызға Алладан денсаулық, жақсылық, бақ-береке тілеп жатқан халқымыз бар. Сол тілектердің барлығы орындалсын. Шалған құрбандарын Алла қабыл алсын, ниеттері қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр жанұяда жақсылық пен береке болсын. Біздің тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзағынан болсын. Қазақстандықтардың, елін сүйген азаматтардың барлығының жүрегіне махаббат, отаншылдық сезімдері пайда болсын. Осы арқылы біз мейірімділік, қайырымдылық жолында болайық. Сонда барлық тілектеріміз қабыл болады. Барлық дүниедегі мұсылмандарды, Қазақстан мұсылмандарын осынау ұлы мерекемен құттықтаймын», – деді ҚР Президенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы