Сенбі, 14 Маусым 2014   |   431 рет оқылды

Мәзһабтың қоғам үшін мән-маңызы

Маусымның 13-і күні Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешіті Атырау облысы Дін істері басқармасымен және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорымен біріге мешітте «Мәзһабтың қоғам үшін мән-маңызы» атты ғылыми-танымдық, хәм рухани кездесу өткізді.

Жастар арасындағы дәстүрлі діни сананың қалыптасуында Ханафи мәзһабының рөлін айқындау мақсатында өткен аталмыш шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Мансұров Батыржан Берденұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директоры Әміре Ерсін Бекайдарұлы, шейх Мухаммед Жамалуддин Хашим және Атырау қаласы мен аудандық мешіт имамдары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кездесуді өкіл имам Мансұров Батыржан қажы Берденұлы ашып, өз сөзінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанудың қазіргі күніміздегі мән-маңызына тоқталып, келген қонақтарды таныстырып өтті.

Шейх Мухаммед Жамалуддин Хашим ханафи мәзһабы Исламдағы төрт мәзһабтың ішіндегі қасиетті Құранға ең жақын екендігін, сонымен қатар бұл мәзһабтың имамы Әбу Ханифа сахабалардың көзін көргендігін жеткізді.

Жиын соңында қатысушы имам-молдалар қойған сауалдарына дінтанушылар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы