Бейсенбі, 13 Қараша 2014   |   390 рет оқылды

Билік «мега-мешіт» құрылысына рұқсат берді

Ағылшын қаласы Дадлидегі мұсылман қауымы 7 жылдық заңдық күрес нәтижесінде ірі мешіт құрылысын бастауға қол жеткізді.

Дадли қалалық кеңесі 18 млн фунт стерлингке бағаланған «мега-мешіт» құрылысын салуға салған дауыстың 5:3 есебімен растап, жобаны бекітті деп хабарлайды Birmingham Mail.

Алғашында, 2007 жылы Дадли қалалық кеңесі аталмыш мешіт құрылысы жобасын қараудан бас тартқан еді. Қала тұрғындарының да көзқарасы дұрыс болмай, қалалық кеңес алдында мешіт құрылысын салу үшін дауыс бері кезінде арнайы келген жасақ мұсылман қауымына психологиялық кері әсер еткен де болатын.

Араға жеті жыл салып құпталған мешіт кешеніне екі қабатты көлік тұрағы, спорт залы мен білім орталығы кіреді. Бұған қоса, жобада 19 метрлік мұнара да енгізілген. 

ummet.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы