Дүйсенбі, 17 Қараша 2014   |   372 рет оқылды

Бас мүфти: имамдар бірліктің уағыздаушысына айналуы тиіс

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Алматы қаласында имамдар Елбасы Жолдауы жайлы пікір алмасты.

Басқосуда сөз алған Бас мүфти: «Қоғамда діни татулық пен бірлік орнаса, дініміз де, экономикамыз да өркендейді. Елбасы өз Жолдауында бізге бірлік ауадай қажет екенін айтты. Сондықтан имамдар бірліктің уағыздаушысына айналуы тиіс. Елдің игілігі үшін әрбір мұсылман үлкен үлес қосуы қажет», – деді.

Жиында Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұржан Бейсенбайұлы, Бостандық ауданының бас имамы Асан Тілеубердиев, т.б. имамдар баяндама жасады.

Басқосу соңында Бас мүфти халықтың бірлігі мен ынтымағы жолында қызмет етіп жатқан имамдардың жұмысына жеміс тілеп, дұға жасады.

www.muftyat.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы