Сейсенбі, 18 Қараша 2014   |   452 рет оқылды

Бас мүфти Астана мешіттерін аралауда (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласының мешіттерін аралап, жамағатпен жүздесті.

Елордада орналасқан «Әлжан ана» атындағы мешіттің тыныс-тіршілігімен танысқан Бас мүфти бесін намазына жиналған жамағатқа жақсылық жасаудың, бірлігімізге бекем болудың маңыздылығын айтты.

«Елімізде тұрақтылық пен тыныштық болса, дін де, экономикамыз да өркендеп, әлеуметтік тұрмысымыз түзеледі. Дініміз уақыт өткен сайын қанат жайып, имандылыққа бет бұрған жастардың қатары көбейіп келеді. Иманды қоғам құру үшін ең алдымен отбасымызды ізгілікке ұйытып, бірлігімізді сақтауымыз керек. Сонда ғана біз биік белестерді бағындырамыз», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Мешіттің бас имамы Ермек Мұқатай Алланың үйіндегі игілікті іс-шараларды баяндап, қысқы маусымға дайындық жұмыстары жайлы есеп берді.

www.muftyat.kz  

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы