Дүйсенбі, 24 Қараша 2014   |   464 рет оқылды

«100к Мұхаммед» әлеуметтік жобасы іске қосылды

Мәскеу қаласында Гиннестің Рекорд Кітабының «Көптеген авторлар біріктірілген үздік кітап» номинациясына үміткер әлеуметтік жоба іске қосылды. Әлеуметтік жобаның рекордтар тізіміне үміткер болуынан бөлек, арқалаған жүгі де тым ауыр. Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы бұл  әлеуметтік жоба аясында 100 000 адам естелік жазатын болады.

Акция авторлары жұртшылыққа: «100 000 адам әлемдегі ең пайдалы кітапқа әлемдегі ең абзал адам – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы жазатын болады! Ал, сенің пікірің қандай?» – деп үндеу тастады. Ал, «100к Мұхаммед» жобасына қатысу үшін бар болғаны өз туған тілінде Алла Елшісі жайлы пікіріңді жазуың қажет.

«Біз күнделікті өмірде түрлі оқиғаларға тап болып жатамыз. Қысым көрсетушілер мен жәбір көргендердің түрлі тарихы, халифат құрамыз дегендердің ұрандарын күнде естіп, көреміз, – дейді жоба авторлары. – Біз олар секілді ешкімді де күресуге немесе жауласуға шақырмаймыз. Біз тек Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмбетіне лайық іс жасағымыз келеді».

muslim.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы