Дүйсенбі, 24 Қараша 2014   |   424 рет оқылды

Алты күнде екі зәулім мешіт ашылды

Осыдан бірнеше жылдар бұрын елімізде Алла үйі аз болатын.  Егемендігімзді алып бас көтерген шақта елімізде мешіт саны жылдан жылға арта түсті. Қазіргі таңда елімізде 2 мыңнан аса мешіттеріміз бар.  Бүгінде солардың қатарына Қызылорда облысы Қазалы ауданында ашылған мешіттер қосылды. Бір аптада Түктібаев және Жалаңтөс ауылдарында сәулеті келіскен мешіттер ашылып халықты бір қуанышқа бөледі.

   Түктібаев ауылында ашылған «Орымбет ишан» мешітінің сыйымдылығы 150 адамға арналып салынған. Ал Жалаңтөс ауылында бой көтерген «Жалаңтөс баһадүр»  мешітінің сыймдылығы 100 адамға арналған.  Имандалық үйлерінің ашылу салтанатына Қазалы аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мақашов және «Нұр Отан» партиясының төрағасы Қ.Мамбетжанов, Қазалы аудан орталық мешітінің бас имамы Қайрат Дәуіржанұлы қатысып, сөз сөйлеп халықты құттықтады. Аудан имамы мешіт салып оны халықтың игілігіне берудің сауабы мен маңызына ерекше тоқталып, игі амалдардың бірі екенін айтты.

   Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Аллаһ Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,- дейді. Мешіт  бұл –Алланың жердегі үйі және Аллаға сәжде ететін құлшылық орны.  Осындай имандылық үйін ашуға өз үлестерін қосып жатқан әр пендеге Алла сауаптан жазып, екі дүниелік бақытын нәсіп еткей. Осы имандылық үйін толтырар жастарымызда көп болғай. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

Баспасөз хатшысы

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы