Бейсенбі, 27 Қараша 2014   |   439 рет оқылды

5 жасар мұсылман баласы Microsoft-тың сарапшысы атанды

5 жасар Аян Куреши Microsoft-тың арнайы сынағын сәтті тапсырып, аталмыш трансұлттық компанияның тарихындағы ең жас сарапшы атағына ие болды.

Аян Куреши – Пакистанда туылған Ұлыбритания азаматы. «Маған компас және телескоп әсіресе призмалар қатты ұнайды» - дейді жас сарапшы.

Оның әкесі Асим Кураши да – IT-маманы. Оның айтуынша Аян кішкентайынан компьютерлерге аса қызығушылық танытқан көрінеді. Баласының мұндай қызығушылығын байқаған Асим ұлына компьютерді қолданудың негіздерін үйрете бастаған екен. Көп ұзамай Аянның өзі операциялық жүйелерді жетік меңгеріп кетеді.

Айта кетерлігі, Аян  Microsoft-тың сарапшысы ретінде танылған дарынды мұсылман-балаларының алғашқысы емес. 2004 жылы пакистандық 9 жасар Арфа Карим есімді қыз бала және 2012 жылы 100 баллдың 91-не дұрыс жауап берген 8 жасар пакситандық бала да Microsoft сарапшыларының қатарын толықтырған. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы