Бейсенбі, 27 Қараша 2014   |   521 рет оқылды

Болливуд жұлдызы пайғамбарға тіл тигізгені үшін 26 жылға сотталды

Пәкістан соты Боллливуд жұлдызы Вина Маликті пайғамбарға тіл тигізді деп айыптап, 26 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Оқиға былай болған:  14 мамыр күні Geo TV арнасының таңертеңгілік шоуында актриса Вина Малик пен оның жолдасы Мұхаммед пайғамбардың отбасы жайында ғайбат сөздер айтқан.

Кейін Geo Television осы үшін көпшіліктен кешірім сұраған болатын. Сонда да сот Geo медиатобының жетекшісі Шакил-ар-Рахманды, киножұлдыз Вина Малик пен оның күйеуін 26 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. 

Пәкістандағы антитеррорлық сот сонымен бірге сотталған үшеудің әрқайсысына 1,3 млн. рупий (12,6 мың доллар) көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

«Олардың бұл қылықтары - барлық мұсылмандарды қорлау. Сондықтан да қатал жазалануы тиіс», - деп есептейді соттағылар. 

ҚазАқпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы