Сенбі, 29 Қараша 2014   |   474 рет оқылды

Мысыр министрі – «Әзірет Сұлтан» мешітінде

Бүгін, қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітіне Мысыр елінің Уақыптар және Дін істері министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма бастаған топ арнайы ат басын тіреді. Құрметті қонаққа құлшылық ордасының құнды жәдігерлерімен қоса, Muslim.kz порталы мен «Хикмет» телерадио студиясының жұмыстары да таныстырылды.

Қазақ жеріне арнайы іссапармен келген мысырлық мейман бұған дейін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылаған болатын. Астана қаласындағы мешіттермен танысуды жөн санаған Мұхаммед Мұхтар Жұма кеше «Нұр-Астана» мешітінде қонақта болып, құлшылық ордасымен танысқан болатын.

Бүгін еліміздің бас мешітіне жасаған сапары аясында Мысыр елінің министрі жұмаға жиналған жамағат алдына шығып, Ислам мәдениеті жайында уағыз айтты. Қасиетті жұма намазы парызын қазақстандық діндес бауырларымен бірге өтеген Мысырлық министр жамағатпен бірге қол жайып, қазақ елі үшін дұға жасады. Қадірлі мейманға қазақ елінің қонақжай дәстүріне орай, иығына шапан жабылып, сыйлықтар тарту етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы