Сенбі, 29 Қараша 2014   |   430 рет оқылды

Үмітпен келіп, сеніммен шықты мешіттен...

Қазақ – кеше көршісі аш отырып, түтін түтетпеген, жесірін жылатып, жетімін тентіретпеген текті халық еді. Бүгінде нарықтық заманның көшінде тағдырдың теперішін көріп, көңілі жүдеген жандар да кездесіп қалатыны жасырын емес.

«Нұр Астана» мешіті тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға қарайласып, оларға материалдық һәм рухани тұрғыда қал-қадерінше көмектесіп, қол жалғап келеді. Таяуда ғана «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық акциясының қысқы маусымында қала іргесіндегі отбасыларға азық-түлік, қыстық отын-көмір, сондай-ақ қаржылай да көмек жасалған еді. Осы ізгі істердің баршасы да қазақ деген текті ұғымды кірлетпей, мұсылмандық сипатымызды таныту мақсатында атқарылып келеді.  

Бүгін де осындай ізгі істің жалғасы мешітке аяқ басып, дін қызметкерлеріне өз отбасылық жағдайымен бөлісіп, мұңын шаққан Меруерт Құрманбаеваның шаңырағына ұласты. Қыстың көзі қырауда жалдамалы пәтердің ақысы айлығы шайлығынан ауыспайтын ана үшін ауыр тиіп, мешіттен үміт іздеп келгені бар еді. Күмәнін сейілтіп, көңілін сергіткен мешіт қызметкерлері қолда бар мүмкіндіктерін аянбасын айтып, қаржылай көмек жасады.

«Әрине, сөзімізді аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастағаннан кейін, Ислам дінінің бар болмысы, негізгі қайнары да – мейірімділік екені түсінікті. Осы себептен де болар, мешітке үмітпен келіп, сеніммен кететін жандардың қарасы көп бүгінде. Біз әлмисақтан мұсылманшылықты бекем ұстанған халықтың ұрпағы ретінде, барша ағайынның қуаныш-қайғысына ортақ боламыз. Қолымыздан келгенінше жәрдем етуге тырысамыз» дейді найб имам Нұрлан Рамазан. 

Үммет-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы