Сейсенбі, 02 Желтоқсан 2014   |   443 рет оқылды

Епископ тәж кигізу рәсімінде Құранды оқуды ұсынды

Британия ханзадасы Чарльзге тәж кигізу рәсімінде Англичандық шіркеу епископының қасиетті Құран аяттарын оқу туралы ұсынысы бірқатар христиан діні өкілдерінің ашу-ызасын тудырды. Ал, Пентргарттық эпископ Лорд Харрис осындай салтанатты рәсім үстінде қасиетті Құран аяттарын оқу елдің ықыласын туғызатынына сенімді.

 

Харрис Вестминтер сарайында өтетін  тәж кигізу салтанаты барысында Құран оқу туралы өткен жұмада лордтар палатасының жиналысында ұсынған болатын. Бұрынғы епископ 2013-жылы Бристоль соборындағы құлшылықтың "Фатиха" сүресінің оқылуымен ашылғандығын еске салып өтті.

Алайда, христиан дініндегі өзге басшылар бұл айтылғанға үзілді-кесілді қарсы шығып, британдық құндылықтарды бағалауға шақырды. «Британ құндылықтары христиандық мұралармен бірге жасасып келеді, – дейді Андреа Миничелло Уильямс есімді Синод өкілі. – «Біз барлық дін бірдей деп көз жұмып қарай алмаймыз».

muslim.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы