Сейсенбі, 02 Желтоқсан 2014   |   467 рет оқылды

Жастар экстремизмге қарсы

«Иманғали» орталық мешіті және «Ақжелкен» шығармашылық орталығы ұйымдастыруымен «Жастар діни экстремизмге қарсы!» атты тақырыбында фотоконкурс өтті. Шараға «Иманғали» орталық мешітінің Жастар ісі бойынша басқарушысы А.Урумбаев, Атырау облыстық Дін істері басқармасы  Ақпараттық-талдау орталығының маманы А.Уразов, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

«Иманғали» орталық мешітінің азаншысы А.Урумбаев ислам адамзат баласының бақытты әрі бейбіт өмір сүруін қалайтынын айтып, барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сонымен қатар, мешіт қызметкері бұл сайыс осымен шектелмей жоспарда аталмыш тақырып аясында көптеген сайыстар өтетінін хабардар етті.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары мен жастарын кереғар діни ұйымдардың ықпалынан сақтандыру тақырыбы аясында қала тұрғындары арасында өткізіліп, жеңімпаздарға Диплом мен естелік сый-сыяпаттар тарту етілді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

   

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы