Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2014   |   495 рет оқылды

Тәуелсіздік күніне орай ас берілді

Қазақ халқының ұлық мерекелерінің бірі - Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасыты «Мырзахмет» мешіті Қарасу мөлтек ауданының ақсақалдары және мешіт жамағаттарымен аудан тұрғындарына арнап дастархан жайды.

«Мырзахмет» мешітінің Бас имамы Ержан Бостанұлы Тәуелсіз күнімен жиылған қаумды құттықтап, ел игілігіне адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ Бас имам мешітке келуші жандардың артықшылығы жайында да уағыз-насихат жүргізді.

Дастархан басында діни әндер және жиылған көпшілікке арнайы викториналық сұрақтар қойылып, жауап берген жандарға мешіт атынан құнды сыйлықтармен бірге Әзірет Сұлтан мешітінің Бас имамы Серік Ораздың «Тәпсір тұнығы» атты кітабы қоса таратылды.

Осындай ізгілікті істің басы-қасында жүріп, ұйымдастырушысы болған «Мырзахмет» мешітінің ұжымына жиылған көпшілік өз алғыстарын білдіріп, қуанышпен тарқасты.

Мешіттің Бас имамы Ержан Бостанұлы осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.

Алатау ауданына қарасты «Мырзахмет» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы