Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2014   |   442 рет оқылды

Діни басқарма делегаттары Мәскеу ислам институтында болды

Бас мүфтидің тапсырмасына орай Ресей Мүфтилер Кеңесіне қарасты «Мәскеу Ислам институтының» тыныс тіршілігімен танысу үшін арнайы топ құрылған болатын. Топ мүшелерінің бәрі дерлік қазіргі таңда Мәскеуде өтіп жатқан имамдардың бліктілігін арттыру курсында оқып жатқан имамдар мен медресе директорлары еді. Топ мүшелері ҚМДБ-ның Халал бөлімінің меңгерушісі  Б.Мырзагелдиев, Имамдардың білімін жетілдіру институтының директоры К.Мырзабаев, Сарыағаш медресесінің директоры Ә.Сманов, Әбу Бәкір Сыддық медресесінің директоры Б.Отарбаев пен оқу бөлімінің меңгерушісі С.Аршабаев, Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков, Павлодар облысының өкіл имамы Н.Исенов және Қарағанды облысының өкіл имамы Ө.Беққожа 15 желтоқсан күні Мәскеу Ислам институтына арнайы барып қайтты. Мақсат институттың әлеуеті, жұмысымен танысу және тәжірбие алмасу.

Діни басқарма өкілдері Институт проректоры Равиль Фехретдинов пен Теология факультетінің деканы Гульфия Хабибуллина мен кездесті. Кездесу барысында институт басшылары жұмыс барысын, оқу поцесін түсіндіріп, 1994 жылы қалай ашылғанын, қандай қиыншылықтар болғанын тілге тиек етті. Жалпы Мәскеу Ислам институтында жалпы 300 студент оқиды екен. Діни басқарма

Былтырғы жылдан бастап акредитациядан өтіп, мемлекеттік үлгідегі диплом беріп келеді екен. Әрине бұл тұрғыдан біздің Нұр-Мүбарак университеті оқ бойы озық тұр деп айтсақ артық айтқандық болмас.

Мәскеу Ислам институты басшылары өздерінің оқу бағдарламаларымен, оқу ғимаратымен таныстырып, Діни басқармадан келген қонақтарға алғыстарын айтып, бірлесіп жұмыс жасауға әзір екендіктерін айтып, арнайы делегат жіберген Бас мүфтиге алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңында сарыағаш медресесінің директоры Ә.Сманов қазақ тіліне өзі аударған Құран Кәрімді Мәскеу Ислам институтының кітапханасына сыйға тарту етті. 

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы