Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   719 рет оқылды

Бас мүфти: Жат ағымның жетегінде жүрген 540 отандасымыз ортамызға оралды (ВИДЕО)

Жат ағымның жетегінде жүрген 540 отандасымыз ортамызға оралып, дәстүрлі дінге бет бұрды. 

Мұндай мәліметті мұсылмандар діни басқармасының жылдық қорытынды жиынында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жеткізді. 2014 жыл дін мен дәстүр жылы болып аталып, аясында көптеген рухани шара атқарылған. Оның ішінде 1400 дін қызметкерінің сауатын ашу, 17 мың адамға қайырымдылық көмек, жастарды жат ағымдардан сақтау сынды сүбелі жұмыстар жүргізілген. Облыс имамдары биыл аттестациядан өтті. Бас мүфтидің айтуынша, жыл санап дәстүрлі дінге деген халықтың көзқарасы жақсарған. Оған республикалық ақпараттық түсіндіру топтарының түрлі түсіндірме жұмыстары себеп. Облыс имамдарының есептік жиыны екі күнге созылып, рухани саланы дамытудың тың жоспарлары қаралатын болады.

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: - Өзіміздің дәстүрлі дінмен 1 млн 200 мың адам құлағдар болды. Республикалық ақпарат түсіндіру тобының тағы бір ерекшелігі осы жұмыстың нәтижесінде жат ағымда жүрген 540 бауырымыз қайтты. Нақты есеп бойынша. Биылғы ғұламалар кеңесі құрылып, оған қазақстандағы дінтанушылар тартылды. Осының нәтижесінде биыл 32 пәтуа шығарылды.

muftyat.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы