Сейсенбі, 30 Желтоқсан 2014   |   490 рет оқылды

Шіркеу қызметкері мұсылмандарға алғысын білдірді

Нигерияның Кадун штатында 200-гу жуық мұсылман жастардан құрылған еріктілер жасағы христиандық шіркеуді күзетуге атсалысты. Бұл жайында жергілікті пастор Иоханна Буру мәлімдеді.

Евангелисттік шіркеу қызметкері мұсылмандардың «мейірімі мен жанашырлығына» қатты толқығанын айтады. Ол өзінің діндес бауырларына мұсылмандардан үлгі алып, ешқандай дінаралық немесе ұлтаралық араздық тудырмастан, бейбіт өмір кешуге шақырды. 

Айта кетейік, өткен жылы Нигерия мұсылмандары діни ғимараттарға жасалған қастандық шаралары мен лаңкестік оқиғалар жиілеп кеткен тұста да тұрақты түрде күзет жұмысын атқарған болатын.

www.muslim.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы