Сәрсенбі, 14 Қаңтар 2015   |   449 рет оқылды

Тәжікстан «Сәлафия» ағымын экстремистік деп таныды

Tәжікстан Жоғарғы соты «Сәлафия» діни ағымын экстремистік деп таныды. Бұл жайында республиканың бас прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осыған ұқсас шешімді Жоғарғы сот 2014 жылдың 8 желтоқсанында қабылдаған еді. Онда Тәжікстан елінде аталмыш ұйымның уағыз-насихатын жүргізуге, әдебиеттері мен өзге де материалдарын кіргізуге, таратуға, сондай-ақ интернет ресурстарының ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынды. Ендігі уақытта осы ағым мүшелері ТР Қылмыстық Кодексінің «Экстремистік бағытқа ашық шақыру» 307 бабы бойынша заңмен айыпталатын болады. Қазіргі уақытта республикада экстремистік және террористік  топқа жататын 20 ұйым бар, олардың қатарында «Әл Каида», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Талибан» қозғалысы, «Мұсылман бауырлар», сондай-ақ, «24 топ» секілді аты шыққан ұйымдар да бар.

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы