Сәрсенбі, 14 Қаңтар 2015   |   508 рет оқылды

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаевты қабылдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаевпен кездесті.

Пікір алмасу кезінде дін мен дәстүр, Қазақстан тарихының Исламмен сабақтастығы, жастарды дәстүрлі дінге ұйытудың негізгі тетіктері жайлы сөз болды. Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдық айтулы мерейтойына орай қазақ халқының сан ғасырлық рухани бағыттағы жырларын жинап, кітап етіп шығару жайлы мәселе қозғалды. 

Суырып салма ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Діни басқарманың қоғамдағы сауапты һәм салауатты іс-шараларына алғыс білдіріп, мүфтияттың игілікті жұмыстарына әрдайым қолдау білдіретінін жеткізді.

www.muftyat.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы