Сенбі, 17 Қаңтар 2015   |   506 рет оқылды

Алматы «Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» болып жарияланды

Еліміздің мақтанышына айналған Алматы қаласы Ислам ұйымы ұйымдастырған шара аясындағы бағдарлама бойынша «Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» болып жарияланды.

Өткен аптада бұл бағдарлама бойынша былтырғы жылы эстафетаны қабылдаған Бішкек қаласы Алматы шаһарына арнайы кілтті табыстады. Қырғыз елінің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Алтынбек Мақсұтов «Ислам мәдениеті астанасының» кілтін салтанатты түрде Алматы қаласы Басқармасының төраға орынбасары Рузанна Бектұрсыноваға жеткізді.

«Алматы – Ислам мәдениеті астанасы-2015» бағдарлама аясында биылғы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылатыны белгілі болып отыр. Соның бірі – ақпанда айында өтетін халықаралық конференция болмақ.

muftyat.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы