Сәрсенбі, 28 Қаңтар 2015   |   449 рет оқылды

Дэнни Блум: «Жүрегімнің тыныштығын сезіндім»

Германияның жас футболисті Дэнни Блум өзінің Ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді. Ол Ислам дінін үміт пен күштің діні деп бағалады.

«Ислам діні маған үміт, күш-қайрат береді. Құлшылықтан жаным жай табады. Мен тез ашуланғыш, сабырсыз едім. Осының бәрін түзеудің бірден бір жолын Исламнан таптым» дейді ол Bild  газетінің дүйсенбі күнгі санында берген сұхбатында.

Блум «Нюрнберг» клубына өткен жылы келген болатын. Бұл команда Германияның Бундеслигасында кәсіби ойын көрсетеді. Осы клубтың жарқын ойыншысы болып саналатын Дэнни Блум уақыт өткен сайын кең қанат жайып келе жатқан Ислам дінін хош көрді. Ол өзінің ата-анасы христандық сенімде болса да еш жасқанбастан өзінің Исламды қабылдайтынын жария еткен. Ал ата-анасы Дэннидің бұл шешіміне оң көзқараспен қараған.

«Мен мешітке келген сәтте жүрегімнің тыныштығын сезіндім. Мұсылманшылықты ұстануға біржола шешім қабылдадым» деген Дэнни Блум кәлима-шахадатты айтып, сәждеге бас қояды. 

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы