Сейсенбі, 03 Ақпан 2015   |   470 рет оқылды

«Visit My Mosque – Мешітке кел»

Британияның жиырмадан аса мешіті Ашық есік күнін өткізді. Онда өзге дін өкілдері, атеистер мен барша бұқараға мешіт есігі айқара ашылды.

Visit My Mosque («Мешітке кел») акциясын Ұлыбритания Ислам кеңесі ұйымдастырып отыр. Ондағы мақсат – діни қоғам арасындағы қарым-қатынастарды күшейту, ауызбіршілік пен ынтымақта болу.

Акция жөнінде Sky News-ке берген сұхбатында Кеңестің бас хатшысы Шуджа Шафи: «Біз мұсылман емес, өзге сенім өкілдеріне мешітке кіріп, оның ішкі ахуалымен танысуды жөн көрдік. Жүректеріндегі күмән мен үрейден арылып, шынайы мұсылмандардың өмірімен жақынырақ танысып, біліссе деген мақсат қойдық. Қазір ислам атын жамылып жасалып жатқан әрекеттер біздерге ауыр тиюде. Ислам бейбітшілік мағынасын беретіндігін, тыныштықты қалайтындығымызды көрсеткіміз келеді» деді.

Осылайша игі ниетпен бастау алған шара соңы қонақтарға жайылған дастарханмен қорытындыланды. «Мешіт мұсылман қауымы үшін тек құлшылық орны ғана емес, бұл мәдени, рухани орталық. Мұнда әртүрлі сабақтар жүргізіледі. Осының бәріне қонақтар куә болды» дейді Шафи. 

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы