Сейсенбі, 10 Ақпан 2015   |   506 рет оқылды

«Адамның ұяты – бетінде, адамгершілігі – ниетінде»

Астана қаласының Білім басқармасы мен мешіттерінің бірлесе жүзеге асырған «Тәрбие мен білім – егіз ұғым» атты жобасы биылғы жылы да жалғасын тауып, орта білім беретін оқу ордаларындағы ақпаратттық уағыз сабақтары жүргізіліп келеді. «Жасында алған ілімің – тасқа жазған сөзбен тең» деген дана халқымыз баланы бесіктен бастап тәрбиелеуді құп көрген. Сондықтан сәбиіне сәл ес кіріп, оң-солын тани бастаған шақтан-ақ оқу үйретумен қатар, бойына ар-ұят пен адамгершілік, мейірім мен қамқорлық, қорыта айтқанда барлық жақсы қасиеттерді сіңіруге тырысады. Тамыры нәрленген ағаштың жапырағы да жайқала түсетіні тәрізді тәрбиесі түзу болған баланың болашағы да жарқын болмады. Осы орайда, Астана мешіттерінің қала мектептерінде жас буынды жақсылыққа үндеген ақпараттық уағыз сабақтарын жүргізілуі – ұлт болашағы үшін егілген ізгілік дәні екені даусыз.

Кеше осы жоба аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы қаламыздағы №70-мектеп гимназиясында оқушыларына «Адамның ұяты – бетінде, адамгершілігі – ниетінде» атты ақпараттық уағыз сабағын өткізіп қайтты. Бір-екі жылдан үлкен өмірге қанат қағып, топшысын қатайтатын бала қырандарын өмірлік бағыт-бағдар тауып, ақ пен қараның айырмасын тануға ақпараттық уағыздың танымдық тәлімі де болды. Қасиетті Құран Кәрімнен келтірілген үкім-аяттар мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметіне өсиет еткен хадистерін мысаға ала отырып, бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра айтылған уағыздың оқушылар үшін орны бөлек болды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы