Жұма, 20 Ақпан 2015   |   385 рет оқылды

«Мәуліт мерекесі» алғаш рет университетте атап өтілді

Биыл сүйікті пайғамбардың туылған күніне орай мәуліт мерекесі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетті, шығыстану факультеті, Таяу және Орта Шығыс кафедрасында университеттің «Айналаңды нұрландыр!» инновациялық-әлеуметтік жобасы аясында «Шапағаты мол мәуліт мерекесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел түрінде алғаш рет атап өтілді.

Ғибраты мен тағылымы мол бұл жиын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті мен Мысыр Араб Республикасы Елшілігі жанындағы Мысыр Мәдени орталығының ұйымдастыруымен іске асты.

Дөңгелек үстел Таяу және Орта Шығыс кафедрасының меңгерушісі филол.ғ.к., доцент Салқынбаев Мұхит мырзаның құттықтау сөзімен ашылды. Қонақтар тарапынан алғашқы сөз кезегін Мысыр Мәдени орталығының директоры, доктор Хамдан Ибраһим мырза алып, баршаны мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтап, осы отырыстың пайдалы болуын, әрі оның алдағы жылдары бұдан да кең көлемде атап өтілуін қалайтындығын жеткізді. Себебі, Мұхаммед пайғамбардың ғибратты ғұмыры, жоғары адамгершілігі бүгінгі қоғамға өте қажет. Бүгінде дінге қатысты болып жатқан көптеген келеңсіз жағдайлар Мұхаммед пайғамбарды өз деңгейінде танып-білмеу салдарынан болып жатқандығын алға тртты.  

Меркелік бұл жиында Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, PhD докторы Али Али Шағбан, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ профессоры,  PhD докторы Ахмад Саид, Нұр-Мүбарак Мысыр Ислам мәдениеті университетінің профессоры Мадих Абдулла, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ доценті, филол.ғ.к. Мухитдинов Рашид, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу және Орта Шығыс кафедрасының доценті, филол.ғ.к. Қыдыр Төрәлі мырзалар кезегімен сөз алып, көпшілікке Мұхаммед пайғамбардың өмірінен үлгі-өнеге боларлық үзінділер келтірді. Студенттерді өзін-өзі тәрбиелеуге, имандылыққа, жоғары адамгершілікке, сыйластық пен татулыққа, отансүйгіштікке, ата-ананы, ұстазды құрметтеуге және түрлі әдепсіз қылықтардан бойды ұзақ ұстауға насихаттайтын мазмұндағы ой-пікірлерімен бөлісіп, баршаны жақсылықтың жарсышы болуға шақырды.

Бір сөзбен айтқанда, Мұхаммед пайғамбардың адами жоғары қасиеттері үлгі өнеге етілді. Жиын барысында Мұхаммед пайғамбар туралы ұлт тұлғаларының да айтқан ой-пікірлері, өлең жолдары тілге тиек етілді. Осылайша бұл мереке біздің ұлттық дүниетанымымызбен біте-қайнасқан, астарласып жатқандығы алға тартылды.  

Жиын соңында қонақ ретінде қатысқан Абай атындағы ҚазҰПУ мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дың оқытушы-ұстаздары бұл шараның тәрбиелік маңыздылығы туралы сөз етіп, Алла қаласа алдағы жылы өз университеттерінде де ұйымдастыруға ниетті екендіктерін айтып жеткізді. 

Палтөре Ықтияр,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті,
Таяу және Орта Шығыс кафедрасының доценті

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы