Сенбі, 28 Ақпан 2015   |   465 рет оқылды

«Біләл» мультфильмі пайғамбар ізбасары жайлы сыр шертеді

Жаңа анимациялық фильм ардақты пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) саңлақ сахабасы Біләл  ибн Рабах (р.а.) өмірінен сыр шертеді. Бұл Дубайдағы араб көркем суретшілерінің тұңғыш туындысы. Мультфильм түсірілімі жайында аталмыш туындымен 10 жыл жұмыс істеп, тер төгіп келе жатқан Дубайдағы саудиялық мамандар дүйсенбіде мәлім етті.

Түсіру тобы Barajoun Entertainment фильм түсіру орталығында фильм ағылшын тілінде және америкалық аудиторияға арналып дайындалатындығын хабарлады. Жоба жетекшілері аталмыш анимациялық фильм 2015 жылдың соңына эфирге жол тартады деп отыр.

«Фильмде 1000 жыл бұрын Араб жазирасына әкелінген африкалық құлдың өз бостандығы үшін болған күресі көрсетіледі. Бүгінгі буын үшін бұл үлкен өмірлік сабақ. Біз бұл тарихты мың жылдан соң қайта еске салуды жөн көрдік» дейді фильм режиссері Акиннуойе-Агбаджи.

Ал көптеген голливудтық киножұлдыздары осы сынды туындылардың шыққанын құптайтындықтарын айтуда.  Мәселен, америкалық киноактер Уилл Смит Дубайға келген сапарында аталмыш фильмнің жарық көруін қолдайтындығын айтқан болатын. 

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы