Сенбі, 28 Ақпан 2015   |   374 рет оқылды

«Жолдама» жарға жықпасын...

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында интернет арқылы Сауд Арабиясы Королдігіндегі Мекке және Мәдина қалаларына тегін қажылық ұйымдастыруды ұсынатын белгісіз топтардың қызметтеріне алданып қалу қаупі мол екендігі туралы мәлімдемесі жарияланды» деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

Біріншіден, еліміздегі қажылық жұмыстары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) арқылы Сауд Арабиясы тарапынан жыл сайын арнайы бөлінетін квота негізінде жүзеге асырылады.

Қажылықты ұйымдастырумен тікелей ҚМДБ бекіткен туристік компаниялар айналысады. Жалпы, біздің елімізде ҚМДБ арқылы қажылық рәсімді өткізуге тегін квота бөлінетіні және ҚМДБ бекіткен фирмалардың мұндай жарнама тарататыны туралы ақпарат тәжірибеде болған жоқ. Ал қандай да бір жергілікті немесе шет елдік компаниялар арнайы бөлінетін квотасыз қажылық сапарды ұйымдастыруы мүмкін емес.

Екіншіден, азаматтарды қажылыққа тегін апарамыз деп алдын ала жинап алынған төлқұжаттар өзге мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Қазақстандықтар осындай алаяқтық әрекеттердің салдарынан зардап шегуі мүмкін.

Осыған орай, қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтар белгісіз адамдардың немесе ұйымдардың алдауына түсіп қалмаулары үшін ҚМДБ-ның баспасөз құралдарында тізімдері бекітілген туристік компанияларға хабарласқандары жөн. Сондай-ақ, қажылыққа баруға ниеттенген әрбір азаматтың тізімдері бекітілген компанияларға төлқұжатын өз қолымен әкеліп өткізгендері дұрыс.

Жолшыбай «жанашырлардың» «тегін» шақыртуларына сақтықпен, қажылық  компанияларын таңдауда үлкен жауапкершілікпен қарап, көледенең «компаниялардың» тұзағынан сақ болуды қаперде ұстағанымыз жөн.

Үммет-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы