Сенбі, 28 Ақпан 2015   |   476 рет оқылды

Бас мүфти Татарстан наиб мүфтиін қабылдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Татарстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының, орынбасары, наиб мүфти Рустам Хайруллинді қабылдады.

Кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мен Татарстан елінің тарихи тамыры тереңде жатқан бауырлас мемлекет екенін атап өттіп, Діни басқарманың қазіргі уақытта қолға алып жатқан жұмыстары мен еліміздегі діни ахуал жайлы айтты.

Татарстаннан келген қонақ Бас мүфтиге екі елдің діни басқармалары арасында қарым-қатынас жақсы жолға қойылғанын, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайынын екенін жеткізіп: «Қазақстан өзінің діни саладағы жетістіктерімен көпшілікті таңғалдырып келеді. Мемлекет билігі де елдегі діннің дамуы үшін көмегін аямай жатыр. Мәселен, соңғы жылдары қабылданған дін туралы заңдарыңызды ерекше айтып өтер едім. Онда қазақ халқы, сондай-ақ, өзге де түркі тілдес халықтар ғасырлар бойы ұстанып келген ханафи мәзһабының тарихи рөлі ерекше көрсетілген. Бұл ТМД аймағындағы ешбір елде орын алмаған үлкен жетістік»,-деді.  

Сондай-ақ кездесу барысында екі жақты тәжірибе алмасу, діни саладағы байланысты арттыра түсу мақсатында ортақ келісім жасалды.

muftyat.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы