Сейсенбі, 03 Наурыз 2015   |   450 рет оқылды

Мұсылман жастары: «Лаңкестер бізден емес»

Канаданың батысында орналасқан Эдментон қаласының жергілікті мұсылмандар ұйымының мүшелері қала халқына 500-ге жуық аппақ раушан гүлін таратты.

«Біз бейбітшілікті белгісі ретінде ақ гүлдерді сыйға тараттық. Біз мұсылманбыз, біз экстремист емеспіз. Адамдардың бізден қорқып, күдіктенгенін қаламаймыз. Лаңкестерден бізден емес. Біз мұсылманбыз» деді Churchill Square алаңында құшағына раушан гүліне тола Марва Фархат есімді мұсылман қызы.

Марва Фархат Muslims for Peace мұсылмандар тобындағы өзге де құрбы-қатарластарымен Канада орталығында таңертен және түс мезгілінде 500-дей қала тұрғындарына раушан гүлін таратып шықты. Гүлмен бірге ислам діні мен мұсылмандар жайлы шынайы мәліметтер жазылған парақшалар да қала халқына ұсынылды.

Muslims for Peace тобы аталмыш акцияны 3 апта бұрын қолға алған болатын. Бүгінде ИШИМ секілді дін атын жамылған содырлардың іс-әрекеттері мен арандатушы саяси күштердің ықпалымен ислам діні мен мұсылмандар жайлы қоғамда жағымсыз түсінік қалыптасты. Канада жастарының аталмыш акцияны қолға алып, көздеген мақсаттары да осы жалған түсініктермен күресу болды.  Акция белсенділері қала тұрғындарының тосыннан ұсынылған раушан гүліне және шынайы ислам туралы мәлімет парақшаларына көңілдері толып, разы болысқандарын айтады. «Біз ислам дінін уағыздау үшін шықпадық, бұл бейбітшілікке үндеу» дейді мұсылман жастары. 

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы