Бейсенбі, 05 Наурыз 2015   |   391 рет оқылды

Гана президенті: «Шариғат шәлісіне тиісу – заңға қайшы»

Гана африка ресупбликасының президенті Джон Махама жыл сайынғы халықпен жүздесуінде бүкіл шенеуніктер мен мемқызметкерлеріне ел Конституциясының 21-бабы барша азаматтың діни сенім бостандығына кепілдік беретіндігін тағы бір мәрте ескертті.

«Мұсылман студенттері шіркеу шараларына қатысуы, сондай-ақ христиан сеніміндегі студенттер мұсылман ғибадаттарын орындауы міндетті емес. Және де мұсылман қыз-келіншектерінің орамалына тиісіп, тыйым салу да заңға қайшы. Кез келген мекеме басшылары Конституцияны қатаң сақтауы тиіс. Олай етпеген жағдайда тиісті шаралар сол басшылардың өздеріне қолданылады» деді Джон Махама.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елдегі мектеп, университеттегі қыздар, мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектер шариғат шәлілерін шешуге мәжбүр болған еді. Гана мұсылман студенттері ассоциациясының президенті Мұхаммед Андани Хусейни ел президентінің бұл бұйрығы мұсылман әйелдері, әсіресе білім мекемелеріндегі мұсылман жастары жиі ұшырайтын қысымдарға қатысты барлық мәселелерге нүкте қоятынына сенім артады. «Біз бақыттымыз. Бұл біздің болашағымыздың жарқын екенін байқатады. Еліміздің заңы да біздің құқығымызды қорғап отыр» дейді Мұхаммед Андани Хусейни. Ал мұсылман студенттер толқыны «Ақырында дұғамыз да қабыл болды» деген жүрекжарды сөздерін айтуда. 

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы