Сенбі, 21 Наурыз 2015   |   433 рет оқылды

Бахрейнде ірі Құран орталығы ашылады

Бахрейн министрлер кабинетінде аймақта алғаш рет ірі Құран оқу орталығын ашу туралы жоба жұмысын қарау үстінде.

Осы мақсатта биылғы және алдағы жылға арналған ел бюджетінен арнайы бап та арналған. Ақпарат министрі Иса әл-Хамдидің айтуынша, аталмыш орталық Жоғары ислам кеңесі мекемесімен бірлесіп ашылмақ. Орталық Бахрейіннің және өзге де елдердің азаматтарына ашық болады.

Бүгінде Бахрейнде Құран үйрететін көптеген мектептер бар. Ал жаңа Орталық бұл мектептерден өзгешелігі, мұнда арнайы мамандандырылған ірі жүйе жұмыс жүргізбек. Бұл ел тарихындағы алғашқы ауқымды жоба деп бағалануда. 

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы