Сенбі, 28 Наурыз 2015   |   495 рет оқылды

700 жылдық тарихы бар Құран ұрланды

Джайпура штаты (Үндістан) Раджастхан қаласының тұрғыны Прасад Шарманың үйінен 700 жылдық тарихы бар Құран көшірмесі қолды болды. 55 жастағы Джайдев Прасад Шармаға бұл тарихи кітапты 2011 жылы досы сыйлық ретінде тарту еткен.

Уақиға былай өрбіген. Джайдев Прасад Шармамен жұмыс бабымен таныс адам Джайдевтің үйінде қонақта болады. Үйдегі құранға көзі түскен ол үй иесінен кітапты көруге сұрайды. Осы уақытта Шарма телефон қоңырауына жауап беруге кідіріп, сөйлесіп болған сәтте әлгі қонақ бұған тапанша кезеніп, қорқытып, Құран кітабын алып, көлігіне отырып, ізін суытқан.

«Бұл Құран ерекше еді. Ол алтын каллиграфиямен, сондай-ақ сапфирмен өрнектелген. Мен бұл Құранды қызыма мұраға қалдырмақ ниетте едім» дейді Шарма. Ал құқыққорғау органдары Құран кітабының қолды болуына оның құнды тарихи жәдігер әрі бағалы тастары себеп болуы мүмкін деген болжам айтуда. 

ummet.kz-ақпарат

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы