Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   6529 рет оқылды

ҚАРАЛЫ ҮЙДЕ ТАМАҚ ЖЕУ ҮКIМI

Марқұмның отбасына көршiлерi тамақ дайындап берулерi – сүннет. Оларға тіпті "тамақ алыңыз",- деп қолқалап отырса да болады. Өйткенi қайғылы жандар тамаққа қарамауы немесе ұялуы да мүмкiн. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) имам ат-Тирмизи және Хаким (р.а.) риуаят еткен хадис шәрiпiнде:

" إصنعوا لآل جعفر طعاما فقد جاء هم ما يشغلهم"

"Жағфар (р.а.) қайтыс болды" деген хабар келгенде: “Жағфардың үйiне тамақ апарыңдар. Оның жанұясы шұғылданатын iс болып қалды (жаназа істері мен уайым, қайғы”, - деген. 
Қаралы үйдiң тұрмысы ауыр немесе бiреулерге қарызы болса, олардың одан әрі қарызға батып ас берулері дұрыс емес. Ол үйден ас шығартпау керек. Тағамды туысқандары, жора-жолдастары немесе көршiлерi үйінде жасауына болады. Өздері жақындарынан айрылып қайғырып отырған үй иелеріне тамақ әзірлетіп, кісі күттіріп қойған дұрыс емес. Мәйітті бірнеше күн жатқызып қойып, қонақ күтудің қамына кірісу күнә. Ең әуелі мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназасын оқу және жерлеу істері мұсылман мойнындағы кезек күттірмейтін негізгі міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Туған-туыс, жора-жолдас, көрші-қолаңдары қаза иесіне және алыстан келген көңіл білдірушілерге ас дайындап беруіне болады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы