Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   1164 рет оқылды

«Атастыру» деген дінде бар ма?

Ассалаумағалейкум! Қазақта қыз-бен жігітті атастыру деген салты бар екенін үлкендерден естіп жатамыз. Атастырылған қыз бен жігіт міндетті түрде үйленуге тиіс пе? Жолдас. 

Уағалейкумуссалам, Жолдас! Таныстығы, білістігі, жолдастығы бар кісілер бір-бірінің ұл-қызын үйлендіруге күні бұрын келісіп, уәделесуін қазақта атастыру деп атайды. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Бұл екі жастың берік отбасын құруын мақсат етуден туындаған салт. Бірақ бұл дегеніміз, атастырылған қыз бен жігіт міндетті түрде үйленсін деген сөз емес. Шариғатта екі жастың ризалығы мен келісімі – некелесудің басты шарты. Сондықтан да, атастырылған екі жас үйленетін шаққа жеткенде өз қалауынша шешім қабылдайды: қаласа үйленеді қаламаса үйленбейді. 

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы