Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   1201 рет оқылды

Намаз оқымайтын жігітке тұрмысқа шықсам бола ма?

Ассаламуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу!  Менің намаз оқып жүргеніме 3-4 жылдай болды. Бес уақыт намазымды қаза етпей уақытылы оқығанды бастан-ақ дағдыға айналдырдым. «Ес кіріп, етек жабатын» шаққа жеткеніме біраз уақыт болды. Ендігі өмірімде тұрмысқа шығып, отбасы құрсам ба деймін. Маған көңілін білдірген бір жігіт бар. Ол намаз оқымайды. Мені кідіртіп тұрған да оның осы кемшілігі. Мұсылман емес жігіттерге күйеуге шығуға болмайды дегенді білемін. Ал, мұсылман болып тұрып, намаз оқымайтын жігітке тұрмысқа шыққанға шариғат не дейді екен?  Шырын.

 

Уағалейкумуссалам уә рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу! Шырын ханым, Ханафи мәзһабы бойынша, қыздың үйленгісі келген жігіті: біріншіден қыздың тегіне сай; екіншіден, мәһрін беріп болашақта нәпәқамен қамтамасыз ете алатын; үшіншіден, қыздың «діні» мен «тақуалығына» сәйкес жігіт болғаны жөн[1]. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл жайында: «Әйелдерді тек теңіне үйлендіріңдер...»[2], - деген. Теңіне шықпаған жағдайда, қызға тиер зиянның алдын алу мақсатында, оның қамқоршысы некенің бұзылуын соттан талап ете алады[3]. Ендеше, мүмкіндігінше дініне берік сіз секілді қыздың, келешекте материалдық жағымен қоса рухани жағынан да сүйеніш болар жар таңдауы ләзім. Десе де, соңғы шешім өзіңізде.


 

[1] Мәйдәни, Любаб - 3/13 бет.
[2] Даруқутни сүнәні, Китабун Никаһ – 3545 хадис.
[3] Әз Зубайди, Әл-Жәуһаратун Нира Шарху Мухтасариль Қудури, Китабун Никах – 668 бет.
Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы