Сенбі, 16 Мамыр 2015   |   1091 рет оқылды

«Дивиденд» халал ма, харам ба?

Әссәләмуғалейкум!
Мен акциялардың «дивидендтері» жайында сұрағым келіп отыр. Сіздердің сайттарыңызда акция сатып алудың «халал» екендігі турасында жазған жауаптарыңызды оқығаным есімде. (Халықтық ІРО: мұсылман акционер бола ала ма?). Менің сұрайын дегенім: егер сол компания жылда бірнеше рет өзінің акционерлеріне дивиденд төлесе,  ол пайда халал болып саналады ма? 
Дивиденд – қысқаша айтқанда компанияның тапқан табысын акционерлермен бөлісуді білдіреді.  Алла разы болсын! Ермек Сүлейменов.


Уағалейкумуссалам! Ермек, өзіңіз айтпақшы акцияны сатып алған кісі ком­панияның тең иесі атанады және таза табыстың бір бөлігі – дивидендтерге ие бола алады. Дивиденд жылына бір мәрте не бірнеше мәрте төленуі мүмкін. Ол – халал. Бұл компанияның дивидендтік саясатына, қаржылық жағдайына байланысты.  

Бір компанияның акциясын сатып алып, компания табысының бір бөлігіне иелену -  фиқһ ғылымында «Шәрикатуль Ъинан» деген  серіктестікке саяды. Ъинан серіктестігі деп, екі кісінің бірігіп сауда құруы және түскен табысқа ортақ болуы[1].


 

[1] Проф.Доктор У.Зухайли, әл-Уәжиз: «Шарикатуль Әмуәл» - 2/139 бет. 

Абдусамат Қасым

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікірлер  

 
0 # Өсімге ақша беру 2017-09-04 09:29
Өсімге ақша беруге болмайтыны белгілі, банкке депозитке салу ше, ол өсімге жатады ма
Жауап жазу
 

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы