Сенбі, 16 Мамыр 2015   |   1240 рет оқылды

Рамазан айында төсек қатынасына түсуге бола ма?

Рамазан айында тек күндіз ғана, яғни ауыз берік кезінде төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Ауыз берік бола тұра бұл әрекетке әдейі барған жандар рамазаннан кейін 60 күн үзбей кәфарат қазасын өтеуі тиіс.


 

Ал кешке ауызашар уақытынан кейін төсек қатынасына түсуге рұқсат. Бұның оразаға тиетін кесірі жоқ. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай дейді: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу рұқсат етілді. (Өйткені, бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер...»[1]. 


 

[1] Бақара сүресі, 187 аят.

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы