Сенбі, 16 Мамыр 2015   |   945 рет оқылды

Қажылықтың шарттары

Сұрақ: Қажылықтың шарттары қандай?

Жауап: Қажылықтың ужуб және әда шарттары бар.

Ужуб шарттары мыналар:

1- Мұсылман болу.

2- Кәпір мемлекетте тұратын адамның қажылықтың парыз екендігін естуі.

3- Балиғат жасына толған болу.

4- Еркін болу.

5- Нафақадан артық, қажылыққа барып келуіне және үйіндегілерге жететіндей ақшасы болу.

6- Қажылық уақытының келген болуы. (Қажылық уақыты арапа және құрбан айт күндері, яғни бес күн.)

7- Қажылыққа бара алмайтындай соқыр, ауру, кәрі және мүгедек болмау. 

Әда шарттары мыналар:

1- Қамауда немесе қажылыққа баруға тыйым салынған болмау.

2- Қажылық үшін жүретін жолында және қажылық жерінде амандық және сенімділік ішінде болу.

3- Әйел, күйеуінің немесе мәңгі махрем туысынан фасық немесе мүртәд болмаған, балиғат жасына толған немесе балиғатқа жетпесе де ақыл-есі бар бір еркекпен бірге баруы керек. Оның да жол кіресін бере алатындай әйелдің бай болуы керек. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Әйел жанында бір махремі болмастан қажылыққа бара алмайды.» (Бәззар)

(Шафии мазһабында әйелдер махремсіз де парыз болған қажылыққа бара алады. Әйелдің махрем туысының қажылық жолында қайтыс болуы Шафии мазһабын тақлид етуі үшін үзір-себеп болады.) Әйел еркексіз қажылыққа бара алмайды. Барған жағдайда қажылығы сахих болғанымен үлкен күнәға кірген болады.

4- Әйелдің иддәт халінде болмауы. (Иддәт: Күйеуінен ажыраған әйелдің үш рет хаиз болып тазаланғанға дейінгі өтетін уақыт)

(Ужуб шарттары және әда шарттары бойында табылған адамның (яғни осы шарттарға сай адамның) сол жылы қажылыққа баруы парыз болады. Ол жылы қажылық жолында өлсе, қажылық парызы мойнынан түседі. Орнына уәкіл жіберілуі үшін өсиет етуі керек болмайды. Ол жылы бармаса күнә болады. Кейінгі жылдарда қажылық жолында немесе үйінде ауырып, қамауға алынып, мүгедек болса, орнына басқа адамды уәкіл етіп жіберуі және ол үшін өсиет етуі керек болады. Уәкіл жібергеннен кейін жақсы болса (жазылса), өзінің де баруы керек болады. Кейінгі жылдары барса, тәрк ету күнәсі кешіріледі.)

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы