Сейсенбі, 26 Мамыр 2015   |   2341 рет оқылды

Ризық жайында мәлімет бересіз бе?

Аллаһу та'ала әр адамның, әр жануардың ризығын ежелден тағдырға жазған, ажыратқан. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және тыныстарының саны белгілі болғанындай, әр адамның ризығы да белгілі. Ризық мүлдем өзгермейді. Азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірместен өлмейді. Осы жөніндегі аяти карималардан бірнешеуінің мағынасы мынадай:

«Жандылардың көбі ризығын өзі таба алмайды. Сендердің де, олардың да ризығын Аллаһ береді.» (Анкебут 60)

«Раббың ризықты қалағанына мол береді, қалағанын азайтады.»(Исра 30)

«Аллаһтың кімге көп, кімге аз ризық бергенін көбі білмейді.»(Сәбә 36)

«Аллаһтан қорқатын адамға күтпеген жерінен ризық келеді.»(Талақ 2, 3)

Кімде-кім Аллаһу та'ала әмір еткендіктен жұмыс істеп, ризығын халал жолдан іздесе, ежелде белгіленген ризығына қолжеткізеді. Бұл ризық оған берекетті болады. Осы істеген жұмысына да сауап алады. Егер ризығын Аллаһу та'аланың тыйым салған жерлерінен іздесе, тағы да сол ежелде ажыратылған белгілі ризыққа қолжеткізеді. Бірақ бұл ризық оған қайырсыз, берекетсіз болады. Ризығына қауышу үшін істеген күнәлары да оны пәлекеттерге жетелейді.

Адам ризығын іздегеніндей, ризық та иесін іздейді. Көптеген кедейлер бар, байлардан да жақсы, бақытты өмір сүреді. Аллаһу та'ала өзінен қорқатындарға, дінін берік ұстанатындарға күтпеген жерінен ризық жібереді. Аллаһу та'ала адамдарды жаратып жатқанда, өмірлері сияқты, ризықтарын да тағдырға жазған. Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің кейбірлері төменде:

«Аллаһу та'ала мұсылманның ризығын күтпеген жерден береді.»(И.Хиббан)

«Аллаһтан қорқыңдар, тілектеріңе қауышу үшін жақсы себептерге жабысыңдар. Жаман себептерге жоламаңдар! Ешкім тағдырда белгіленген ризығына қауышпағанша өлмейді.» (Хаким)

«Ажалдарың сендерді қалай аңдып жүрген болса, ризықтарың да солай аңдиды. Егер ризыққа жету үшін қиыншылық көретін болсаңдар, Аллаһу та'аланың бұйрығына сай әрекет етіңдер.»(Табарани)

«Аллаһтан қорқуды өзі үшін байлыққа айналтырған адам ризығына саудасызжәне байлықсыз қауышады.» (Табарани)

«Аллаһу та'алаға толық тәуекел еткендеріңде, таңертең аш кетіп, кешке тоқ қайтатын құстар сияқты ризыққа қауышар едіңдер.»(Тирмизи)

«Ризыққа қауышқан адам көп хамд (шүкір) етсін.» (Хатиб)

Халал ризыққа қауышуды қалаған адам себептеріне жабысуы керек! Ақша табу мал-мүлікті арттырады. Бірақ ризықты арттырмайды. Ризық тағдырда белгіленген. Яғни ежелден ажыратылған. Ризық айлыққа, мал-мүлікке, жұмыс істеуге байланысты емес. Алайда Аллаһ әмір еткендіктен жұмыс істеу керек. Өйткені Аллаһу та'аланың істері себептерінің астында көрініс табады. Әдеті осындай. Бірақ кейде себепке жабысқан болса да, ол іс орындалмауы мүмкін. Яки себепсіз де орындалуы мүмкін.

Хамд ету – Аллаһу та'алаға шүкір ету деген сөз. Әр ниғметтің Аллаһу та'аладан келгеніне сену керек. Аллаһу та'ала хазреті Мұсаға былай деді:

«Берген ниғметімді менен келгенін біліп, өзіне тиесілі деп ойламаған адам ниғметтердің шүкірін орындаған болады. Ризығын өзінің жұмысының нәтижесі деп біліп, менен келгенін мойындамайтын адам ниғметтің шүкірін орындамаған болады.»(И.Ғазали)

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы