Сейсенбі, 26 Мамыр 2015   |   2186 рет оқылды

Тіс арасына тұрып қалған тамақ қалдықтары ғұсылға кедергі ма?

Аға сұрағым бар еді. Дәрет алғанда немесе ғұсыл құйынғанда кейде тістерімнің арасында тамақ қалдықтары қалып қойғандығын байқаймын. Сол жағдайда алған дәретім, ғұсылым дұрыс па? Кәрім Расулбеков. 

Құрметті Кәрім, бұған қатысты ертеректе Ханафи мәзхабының ғалымдары мынадай пәтуа берген:

«Ғұсылы жоқ кісі су ішкен кездегі ішкен суы ауыз қуысының барлығына тиген болса, ауыз шаю амалы жүзеге асқан болып есептеледі. Ішкен суын түкіріп тастамай, ішке жұтуының зияны жоқ. Тіс ойығындағы немесе тісінің арасындағы қалып кеткен тамақ қалдықтарының ғұсылға кедергісі жоқ. Бірақ, тіс арасындағы тамақ қалдығын алып тастап, содан кейін ауызын шайғаны абзал». (әл-Фәтәуә әл-Һиндия , 1/16 бет.).

Ендеше, тістің арасында қалып кеткен тамақ қалдықтарының дәретіңізге де, ғұсылыңызға да кедергісі жоқ. Дегенмен де, мүмкіндік болып жатса, тіс арасындағы тамақ қалдығын алып тастап, одан соң ауызыңызды шайғаныңыз абзал. Бірақ міндет емес.

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы