Сейсенбі, 26 Мамыр 2015   |   2930 рет оқылды

Намаз соңында тартылатын тәспінің әсері жоқ жүрегіме, не істеймін?

Әссәләмуғалейкум! Намаз соңында тартылатын тәспінің жүрегіме ешқандай әсері жоқ. Құр әшейін айтып жатқан сияқтымын. Марат. 

Уағалейкум әссәләм! Марат, намаз соңында «сұбханаллаһ», «алхамдулиллаһ», «Аллаһу әкбар» деп тәспі (тасбих) тартқанда жүрегім әсерленсін, рахаттанайын деп емес, ең алдымен сауапқа кенелемін деп тартамыз. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаздан кейінгі тартылатын тәспінің артықшылығы жайында: «Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет «сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ», 33 рет «Аллаһу әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал жүзіншісінде «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» деп айтса, теңіз толқынының көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі»[Сахих Муслим], - деген. Мұсылман осы хадисті ескеріп, күнәм кешірілсін және сол зікірлерді тілге алған адамға берілетін сауапқа кенелейін деген үмітпен аталмыш дұғаларды айтады. Оның нәтижесі жүректің де тазалығын тудырары анық. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы