Сейсенбі, 26 Мамыр 2015   |   2906 рет оқылды

Қайтыс болған маскүнем кісіге дұға етсем бола ма?

Әссәләмуғалейкум, ағалар! Арақ ішіп жүрген маскүнем адам қайтыс болса, оның артынан дұға етсем, Құран оқып бағыштасам немесе оның атынан сауабы тие берсін деп садақа т.б. жақсылық істесем бола ма? Муслима Айнура.

 

Уағалейкум әссәләм, Айнур! Алланы бір, Мұхаммедті пайғамбарым деп өзін мұсылман санаған кісінің өмірі ішімдік ішумен өтседағы,  артынан дұға тілеп, Құран бағыштауға және оның атынан садақа таратуға болады. Құран Кәрімде: «Тозақтық екендігі айқындалғаннан кейін,  жақындары болсадағы, Пайғамбардың және мүміндердің мүшріктер үшін жарылқау тілеулері  дұрыс емес...»[Тәубе сүресі, 113 аят.], - деген аят бар. Осы аятта Алладан өзге нәрселерді тәңір деп білген және бір Жаратушыға серік қосқан адамдарға  жарылқау тілеуге болмайтындығын, ал одан басқа өзін мұсылман санайтын, бірақ өмірі күнә істеумен өткен кісі үшін Алладан кешірім сұрауға рұқсат екеніне ишара етіп тұр.  Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы