Жексенбі, 21 Маусым 2015   |   4693 рет оқылды

Оразада көп ұйықтаған дұрыс па?

Ассаламу алейкум!
Рамазан айында күннің көп бөлігін ұйқымен өткізген адамның оразасы бұзылады ма?  

Уа алейкум ассалам!

Рамазанда аузы берік адамның күннің көп бөлігін ұйқымен өткізуі оразасын бұзбайды. Тіпті, күні бойы ұйықтаса да оразасы дұрыс болып есептеледі. Бұл жайында имам ән-Науаи: «Егер (ораза тұтушы) күндіз толығымен ұйықтаса да оразасы дұрыс болады[1]», – дейді.

Дегенмен, он екі айдың сұлтаны саналған Рамазанды мейлінше көп құлшылықпен өткізген дұрыс. Сондай-ақ, ораза тұтушы ауыр жұмыс және спорттық жаттығулармен өзін қинамай күш-қуатын үнемдегені абзал. Сонымен қатар, күнделікті шаруасын да ұмытпаған жөн. Бос уақытын Құранды оқып-жаттауға және хатым етуге арнағаны абзал. Ұйқыға келсек, бесіннен кейін демалған жөн. Бұл сүннет ұйқы тарауих намазында сергек тұруға мүмкіндік береді.

[1] Раудат Талибин уа Умдат Муфтин, 2/366

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы