Сейсенбі, 10 Қараша 2015   |   2205 рет оқылды

Жұлдызнамаға сенуге болады ма?

Ассалаумағалейкум! Радио, теледидар, газет-журналдарда күн сайын жұлдызжорамал беріліп жатады. Сол жорамалдарға қарап, күнделікті тіршілігімізді ыңғайлауға бола ма?  Аманжол. 

Уағалейкүмассалам! Аманжол, Ислам діні келмей тұрып арабтар соғысу, жолға шығу, үйлену, саудамен айналысу сияқты бір іске бел бумас бұрын,  алда не күтіп тұр екен деп оқтармен, яки тастармен (әзләм[1]) бал ашатын. Оқтардың немесе тастардың кейбіріне «Құдай оңдайды» деп, ал кейбіріне «Құдай құптамайды» деген жазады. Сол оқтарды араластырып, арасынан біреуін суырғанда қандай жазу шықса, соған қарай әрекет жасайтын болған[2]. Ислам діні келгеннен кейін: «..Оқпен бал ашуға болмайды. Ол – күнә[3]», - деп  аталмыш әрекетті «үлкен күнә» ретінде одан қайтарды. Ал сіз айтқан жұлдызнамаға сеніп, соған қарай күнделікті тіршілігін реттеу де аяттың аясына кіретіндіктен дұрыс емес[4].

[1] Арапшадағы «зәләм – түгсіз оқ» сөзінің көпше түрі.
[2] Табари тафсірі – 8/72-77 бет.  Каир – Египет.
[3] Маида сүресі – 3 аят.
[4] Әл Маусуғатуль Фиқһия – 35/172 бет. Кувейт.

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы