Жексенбі, 03 Сәуір 2016   |   823 рет оқылды

«Ақиқа құрбаны» дегеніміз не?

Жаңа туылған нәресте үшін  шалынған малды «ақиқа құрбаны» деп атайды.Нәрестенің үлпілдек шашын «ақиқа» дегендіктен, осыған байланыстырып «Ақиқа құрбаны» деп атаған.  Ақиқа құрбаны  перзент сыйлаған Алла  Тағалаға шүкіршілік  білдіру ниетімен шалынады.  Шариғаттағы үкімі – мубахтық,  яғни,  дүниеге келген нәрестесі үшін мал шалу әр ата-ананың өз еріктеріндегі ісі. Баланың туылған күнінен бастап балиғат жасына толғанға дейін ақиқа құрбандығын шалуға болады. Десе де, құрбанды жаңа туған нәрестенің жетінші күні, басындағы үлпілдек шашы алынып  ат қойыла салысымен шалу – мұстахаб, яғни ұнамды іс.[1]  Ұл, яки қыз деп бөлежармай әрқайсына бір-бір қойдан шалса жеткілікті. [2]  Ал, «ұл баласына екі қой», «қыз баласына бір қой» сойғысы келгендердің бұл ниеттері  де Алла Елшісінің сүннетіне теріс емес.[3] 

Ақиқа құрбаны ретінде шалынатын мал, екі көзі де көретін, тістерінің жартысынан көбі сау, мүйзінің бірі немесе екеуі бірдей түбінен сымбаған, яки құлағы мен құйрығының жартысынан көбі кесілмеген және көтерем дейтіндей дәрежеде арық емес болуы керек. Жаратылысынан құлағы мен құйрығы жоқ сондай-ақ өз аяғымен басып жүре алмайтындай ақсақ мал да ақиқа құрбанына жарамсыз.

Ақиқа құрбандығының етін, өзінің отбасына жегізсе де,  өзгеге таратып берсе де болады.

[1] Проф.Доктор Х.Дөндірен, Delilleriyle Islam ilimhali, бет 803.Стамбул; Қ.Бағашар: Исламдағы бала тәрбиесі – 43 бет.Алматы.; Тирмизи -1522.
[2] О.Н.Бильмен, Ғылымхал: Ақиқа құрбаны болімі.
[3] Ибн Мәжәһ-3163.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы